Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Ирандық әйелдер халықаралық ауыр атлетика турнирлеріне қатысатын болды

Ирандық әйелдер халықаралық ауыр атлетика турнирлеріне қатысатын болды.


Ирандық әйелдерге ауыр атлетикадан халықаралық турнирлерге қатысуға рұқсат беріледі. Бұл жайлы Иран ауыр атлетика федерациясының президенті Әли Моради мәлім етті, деп хабарлайды Рейтер агенттігі. 

"Біз Иран Ауыр атлетика федерациясының құрамында Әйелдер комитетін құрдық, біздің талантты қыздарымыз көп", - деді Әли Моради.

"Олар да ерлер сияқты төзімді. Жақын арада мұсылман спортшыларына арналған киімдермен халықаралық чемпионаттарда өнер көрсете алады деп үміттенемін. Бұл жағымды жаңалық, ерлер арасындағы ауыр атлетика жоғары деңгейде дамыған, ал әйелдер арасында мүлдем тарамаған Иран үшін бұл аса маңызды", - дейді Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) бас директоры Аттила Адамфи.

Ауыр атлетика федерациясында әйелдер бағдарламасын әзірлеу туралы Сауд Арабиясы Ауыр атлетика федерациясының басшысы да мәлімдеді.

Еске сала кетсек, әйелдер 1983 жылға дейін ауыр атлетика турнирлеріне қатысу құқығын ала алмай келді. IWF ережелеріне енгізілген бірқатар өзгертуден кейін ғана әйелдер халықаралық жарыстарда бақ сынай бастады. Атап айтқанда, 1987 жылдан бастап әлем чемпионаттарына, 2000 жылдан Олимпиада ойындарына қатысып келеді.


  Пікір: 0
  0