Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Нижат Рахимов - біздің чемпион! Оның Қазақстан үшін өнер көрсетіп жүргені ештеңені шешпейді - Әзірбайжан федерациясының бас хатшысы

Рахимов Әзірбайжан үшін 2014 жылға дейін өнер көрсетті.


Нижат Рахимов. © Ізтұрған Алдауев
Нижат Рахимов. © Ізтұрған Алдауев
Ауыр атлетикадан Әзірбайжан Федерациясының бас хатшысы Ризван Расулов Haqqin.az порталына берген сұхбатында Нижат Рахимовтың Қазақстан үшін өнер көрсетіп жүргені туралы пікір білдірді. 

Ауыр атлетикадан халықаралық федерацияның (IWF) Астанадағы кеңсесінде Рахимовтың қазақстандық командамен түскен суреті тұр, сұрақ осыған байланысты қойылған. 

"Мұнымен тек мақтануға болады, - дейді Расулов. - Нижат - ол біздің чемпион. Оның Қазақстан үшін өнер көрсетіп жүргені ештеңені шешпейді. Оның нәтижесі, жеңісі біздің спортшыларға үлкен өнеге. 

Ол қазір Бакуде. Нижат AAAF вице-президенті Тофик Гейдаровпен кездесті, сонымен қатар ол ең алғашқы өнер көрсеткен "Зирвя" клубының президентімен кездесті. Рахимов "Зирвя" клубына және әзірбайжандық ауыр атлетиканы өзінің табысты өнер көрсетуіне септігін тигізгені үшін үлкен алғыс білдірді. 

Біз әрдайым Нижаттың жеңісі үшін қуаныштымыз. Олимпиадада жеңімпаз атанып, ол Әзірбайжан ауыр атлетикасының тарихына өз есімін алтын әріптермен қалдырды. Қандай ел үшін өнер көрсетсе де Нижат - әзірбайжан ұлтының өкілі. Оның суретін Астанада көргенде қатты қуандым". 

24 жастағы Рахимов Әзірбайжан сапында 2014 жылға дейін өнер көрсетті. Қазақстанға ауысқанға дейін оның есімі Ниджат Рагимов болған. Өз елінде ол Жастар Олимпиадасы-2010 жарысында жеңіп, әлемдік жастар біріншілігінде екінші орынды иеленді. 

2013 жылы Рахимов тағы 17 спортшымен бірге допинг қолданғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді. Жазасын өтеп болған соң ол Қазақстандағы біріншілікті 2015 жылы жеңді, ал Олимпиада-2016 ойындарында ол алтын медальды иеленді. 
  Пікір: 0
  0