auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Ұлттық құраманың әлем чемпионатынан шеттетілгеніне байланысты пікір білдірді

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Ұлттық құраманың әлем чемпионатынан шеттетілгеніне байланысты пікір білдірді
wfrk.kz
Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Ұлттық құраманың 2017 жылы өтетін әлем чемпионатынан шеттетілгеніне байланысты ресми
пікір білдірді. 

Еске салайық, 30 қыркүйек күні күні ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында АҚШ-тың Анахайм қаласында өтетін әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болды. Оған себеп қазақстандық спортшылардың Олимпиада ойындарында допинг дауына көп іліккені болған. 

"30 қыркүйек пен 1 қазан күндері Румынияның астанасы Бухарест қаласындағы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. Бұл жиында IWF басты мәселелері қарастырылды. Оның ішінде халықаралық додалардағы спортшылардың салмақ дәрежелері мен Олимпиада ойындарына іріктеудің қалай өтетіні және басқа да сауалдар көтерілді. 

Бұл жиын кезінде БАҚ өкілдері мен Халықаралық Олимпиада комитетінің назарын федерацияның допингке қарсы шаралары мен саясаты аударды. Өйткені, бұрнағы күні 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы допинг дауының көп шығып кетуіне байланысты, ХАлықаралық Олимпиада комитетінің қатаң бақылауына алынған болатын. 

Айта кетейік, 2016 жылдың маусым айында Тбилисидегі IWF-тің Атқарушы комитетінің отырысынан кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында үш немесе одан да көп рет допинг дауына іліккен елдердің бір жылғы барлық халықаралық бәсекелерден шеттетілгені белгілі болған. Бұл тізімге қазіргі уақытта ауыр атлетика спортында алдыңғы қатарда келе жатқан тоғыз ел іліккен еді. Олардың ішінде Қазақстан ұлттық құрамасы да бар. 

Бухарестте өткен жиында Атқарушы комитеті "Тбилисиде тіркелген" шешімді тағы да нақтылап, бұл шешімді арнайы комиссияның бақылауымен орындауды талап етудің жолдарын қарастырды. 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы бұл сұрақ қарастырылған барлық жиында мұндай жазаға тартылуға лайықты емес екенін айтып келді. Сондықтанда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшылары да түгелімен ауысқан. Қазақстанда допингке қарсы жұмыс қатаң назарға алынған. Оның нәтижесі бойынша 2016 және 2017 жылдары бірде-бір қазақстандық ауыр атлеттің қанынан рұқсат етілмеген дәрумен табылмаған. Бұл мәліметтердің барлығы да IWF-тің Атқарушы комитетіне берілген. 

Бухаресте өткен Атқарушы комитеттің жиынында біздің елден маусым айынан бастап IWF-тің вице-президенті болып таңдалған 
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков қатысты. 

IWF-тің таратқан ресми мәліметі бойынша, отырыста шешілген барлық сұрақтар мен мәселелер шеттетілген тоғыз елдің федерацияларына қазан айының ортасында жіберіледі. 

Қазіргі уақытта Қазақстан ауыр атлетика федерациясының өкілдері жазаның Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларына әсер етпеуі туралы мәселеге байланысты жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар Қазақстан өкілдері Халықаралық және Азияның ауыр атлетика федерациясы құрамында жұмыс істеу бері туралы мәселені де шешіп жатыр. 

Бұл жиыннан кейін негізгі жаза Қазақстан ұлттық құрамасына 12 айға тағылады деп күтілуде. Бұл жаза арнайы комиссияның шешімі бойынша өзгертілуі де ықтимал. Комиссия тоғыз елдің допингке қарсы жұмыстарына сараптама жасап отырады. Егер бұл оң нәтиже берсе, жаза да жеңілдетіледі", - делінген Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайты таратқан түсініктемеде. 





Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
27 маусым 2023, 13:07
Ауыр атлетика
©Kaz Weightlifting Federation Instagram Қазақстандық белгілі атлет өзіне қол салды
16 қаңтар 2023, 14:41
Ауыр атлетика
©Видеодан кадр Илья Ильин үйлену тойынан видео жариялады
13 қаңтар 2023, 09:26
Ауыр атлетика
©Тұрар Қазанғапов Илья Ильин астаналық кәсіпкерге үйленді
26 желтоқсан 2022, 14:22
Ауыр атлетика
©ААФ Астанада "ILYIN IRON CUP" турнирі өтті
10 қазан 2022, 10:35
Ауыр атлетика
©Olympic.kz Чиншанло Азия чемпионы атанды

Жарнама

Жарнама