Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Илья Ильин қайда жүр?

Кеше әуежайдан түскеннен бастап, мейрамхана мен көшеде жүргенде халықтың оған деген құрметі жоғары болды.


tengrinews.kz
tengrinews.kz
Әлемдік аренада қазақ елінің абыройын асырған спортшы Илья Ильин қайда жүр? Допинг дауынан кейінгі өмірі қалай өзгерді? Спортқа қайта орала ма? Бұл сұрақтардың жауабын көпшілік білгісі-ақ келеді. Ал бұл сұрақтар мен спортшының қазіргі жай-күйі жайлы қоғам белсендісі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру және инновация комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов "facebook" парақшасында жазды, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

- Түнде батыр ұлымыз Илья Ильинмен кездестім. Көптен бері көріспеген едік. Ол қазір АҚШ-та оқып, тіл байлығын кеңейтіп жатыр. Спорттық менеджмент бойынша дәрістерге қатысуда. Бос уақытында ауыр атлетика залдарына барып, әуесқойларға ақыл-кеңесін беріп жүр. Онда бос уақыт жоқ. Бәріне үлгеріп, жүрек қалауымен жұмысын жалғастырып жүр. Оны кішкентайынан ашық жарқын жан ретінде танысам, әлі де сол қалпынан тайған емес, - деп жазды Мұрат Әбенов.

Сондай-ақ 5 жыл бұрын қазақ елі батыр ұлын Лондоннан зор қошеметпен күтіп алғанын да жазды.

- Жеңіс тұғыры бағынды. Бірақ ойламаған жерден қиын жағдайға тап болғаны рас. Жақын арада бәрі де жөнге түсіп, оның жарыс жолына шығатынына үмітпен қараймын. Ол – мен үшін қашан да жеңімпаз. 15 жыл ішінде оның кем дегенде 3 рет биікке көтеріліп, сонша рет тағдыр тауқыметін тартқанын да көзіммен көрдім. Бірақ төзе білді. Өз-өзіне келіп, ісін ақыл-санасымен алға жылжытып келеді.



Наразылығы, өкініші мен өтінішін ешкімге сездіргісі де, білдіргісі келмейді. Керісінше өзгелерге үміт пен сенімділік сыйлай білетін жан. Осы үшін барлығы оны жақсы көреді. Кеше әуежайдан түскеннен бастап, мейрамхана мен көшеде жүргенде халықтың оған деген құрметі жоғары болды. Мұның өзі – зор қолдау! Ақылың мен күшің тасысын, Илья! – деп жазды.

Айта кетейік, 2016 жылдың 23 қарашасында Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильинді допинг қолданды деген айыппен Бейжің (2008 ж) мен Лондондағы (2012 ж) алтын медальдарынан айырған еді. Ал қанша жылға спорттан шеттетілгені жайлы әлі нақты шешімді жариялаған жоқ.
  Пікір: 0
  0