Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Ильин мен Чиншанло Токио Олимпиадасында өнер көрсетуі мүмкін бе?

Чиншанлоның Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігі жоғары.


Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің қайта тұғырға оралуы мүмкін дейді. Одан бөлек, бапкер Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Зульфия Чиншанлоның Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді. 

Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімі бойынша Зульфия спорттан екі жылға шеттетілген еді. Жаза мерзімі 2016 жылдың 26 мамырдан басталады. Жазаның аяқталу мерзімі 2018 жылдың 10 маусымы. Ал Ильиннің жағдайына байланысты нақаты шешім шығарылған жоқ. 

"Мен әлі күнге дейін Чиншанломен сөйлесіп тұрамын. Үнемі байланыстамын. Жаза туралы шешім шығарылғанға дейін біз Зульфиямен кездесіп, Токио Олимпиадасы туралы сөйлестік. Сол кезде ол егер Олимпиадаға қатысатын кішкентай мүмкіндік болса, сол мүмкіндікті пайдаланатынын айтты. Енді жаза мерзімі нақты белгілі болғаннан кейін ол спортқа қайта оралады. 

Илья Ильин туралы айтатын болсақ, оның жағдайы әлі белгісіз болып тұр. Егер Ильяда да мүмкіндік болатын болса, онда ол да пайдаланары анықтық. 

Ильинге қатысты әлі нақты шешім шығарылған жоқ. Мен оның ісіне байланысты отырыстың қашан болатынын да білмеймін. Бұл сауалмен Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы айналысып жатыр. Егер Ильинді де екі жылға шеттететін болса, ол да Токиодағы Олимпиадаға қатысады деп ойлаймын", - дейді Ни. 

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоны екі жылға спорттан шеттетсе, Светлана Подобедованы сегіз жылға спорттан аластатқан еді. Жаза Лондондағы Олимпиада ойындарының допинг сынамасы тексеріліп, теріс нәтиже берілгеннен кейін, яғни 2016 жылдың 26 мамырында шықты. 

Илья Ильин де осы допинг мәселесіне байланысты спорттан шеттетілді. Бірақ, оның нақты қанша мергімге шеттетілгені туралы нақты шешім шықпады. 




  Пікір: 0
  0