Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Түсіпбеков халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып сайланды

Түсіпбеков халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып сайланды


29 мамыр күні Бангкокта Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (ХААФ) Сайлау конгресінің бірінші күні аяқталды. Қазақстан федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков басқа үміткерлерді басымдықпен сайлауда жеңіп шығып, ХААФ вице-президенттерінің бірі атанды.

Конгресс 2015-2017 жылдар аралығындағы Жанат Түсіпбековтің маркетинг комиссия төрағасы ретіндегі жұмысын жоғары бағалап, оның ҚР ААФ көшбасшысы ретінде жақсы ұйымдастырушылық қабілетін, соның ішінде Риодағы Олимпиада ойындарында өткен сәтті маркетингтік науқанын және 2016 жылдан бастап ауыр атлетикадан Азия Чемпионатының халықаралық трансляциясын ұйымдастырғанын атап өтті.

Қазақстанда жүргізілген жұмыстары, соның ішінде допингке қарсы тәртіпті (2016-2017 жылдары халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер арасында допинг-сынамасының бірде-бір оң нәтижесі болмады) нығайтуы; балаларды жаппай спортқа тарту және жаттығу процестері үшін жағдайды жақсарту бойынша атқарған жұмыстары жоғары бағаланды.

Сайлау қорытындысы:

Тамаш Аян - (Венгрия) президент болып қайта сайланды

Бас хатшы - Мохаммед Джалуд (Ирак)

Бірінші вице-президент - генерал Интарат Йодбангтой (Тайланд)

Вице-президент - Урсула Папандреа (АҚШ)

Вице-президенттер: Жанат Түсіпбеков (Қазақстан), Хосе Карлос Киньонес (Перу), Нику Влад (Румыния), Петр Крол (Чехия).


  Пікір: 0
  0