Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Мейрамбек Айнағұлов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бұл Айнағұловтың бірінші рет қатысып отырған әлем біріншілігі.


Күрес түрлерінен Парижде өтіп жатқан әлем чемпионатында Мейрамбек Айнағұлов күміс жүлдегер атанды, деп жазады Vesti.kz порталы.

Грек-рим күресінен 59 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз бірінші белдесуінде мысырлық Мустафа Хассан Абделал Мұхамедті 4:1 есебімен жеңіп шықты. 1/8 финалда үнді балуаны Гианандер Гианандерге айқын басымдығын танытты. Ширек финалда украин балуаны Дмитро Цумбалюктан 7:5 есебімен айласын асырды.

Жартылай финалда отандасымыз кәріс балуаны Ким Сион Хакпен белдесті. Алғашқы минуттарда қарсыласы ұпай көрсеткіші бойынша алға озғанмен, Мейрамбек міз бақпады. Өз сәтін күтіп, кәріс балуанын 4:2 есебімен жеңіп шықты.

Ал финалда Мейрамбек Кенхиро Фумитамен кездесті. Орайы түскенде айта кетейік, біздің балуан "күн шығыс" елінің балуынымен Азия біріншілігінің финалында кездесіп, жеңілген еді. 

Бұл жолы да Айнағұловтың асығы алшысынан түспеді. Белбесудің 3-минутына дейін отандасымыз 1:0 есебімен алда келе жатқан. Бірақ 4 минутта жапон балуаны екі ұпай алып, алға шықты. Сөйтіп осы нәтижені белдесудің соңына дейін ұстап қалып, әлем чемпионы атанды. Ал Айнағұлов болса өзінің қатысып отырған бірінші әлем чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды. 
  Пікір: 0
  0