Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Балуан Мақсат Ережепов - Азия чемпионы

Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан бір алтын, екі күміс, бір қола алды.


Күрес түрлерінен Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күні Қазақстан бір алтын, екі күміс, бір қола алды, деп жазады Аzattyq.org

Грек-рим күресінен 75 килограмм салмақта Мақсат Ережепов Азия чемпионы атанды. Ол жартылай финалда қытайлық Вин Янгты, финалда Даесунг Паркты (Оңтүстік Корея) жеңді. Ережепов 2012 және 2013 жылғы Азия чемпионатында қола, 2014 жылы күміс иеленген.

66 килограмда Алмат Кебіспаев жартылай финалда Шого Такахашиді (Жапония) жеңді. Ал финалда оңтүстік кореялық Сангхунг Охтан жеңілді. Кебіспаев - 2011 жылғы Азия чемпионы және 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

130 килограмда Дамир Күзембаев финалға шығар алдында өзбекстандық Миминжон Абдоллаевты ұтты. Бірақ финалда ирандық Бехнам Алиакбар Мехдизадехтен ұтылып, күміс иеленді. 90 килограмда Ерұлан Искаков қола алды.

Күрестен Азия чемпионаты 12 мамырда аяқталады.
  Пікір: 0
  0