auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бұл соңғы жеңіс емес". Қазақстан тарихында фристайлдан тұңғыш әлем чемпионы

"Бұл соңғы жеңіс емес". Қазақстан тарихында фристайлдан тұңғыш әлем чемпионы
© Vesti.kz/Камиля Омарова

Фристайлдан Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанған Юлия Галышева 12 ақпанда үйіне оралды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы әуежайында оны туыстары, достары және журналистер күтіп алды. Әлем біріншілігінің триумфаторы АҚШ-тан ұзақ уақыт ұшып келгеннен кейін, оралғанына қуанды. Оны 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан қоламен оралғандағыдай қошеметпен қарсы алды.

"Бұл команданың еңбегі. Біз тек жүлделі орынмен келеміз деп ойладық, есесіне алтын алдық. Мен әлем чемпионы атанғаныма қуаныштымын. Бұл соңғы жеңіс емес, алда жаңа жарыстар мен жаңа жеңістер күтіп тұр. Біздің команда алтынмен елге оралу үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Мен үшін бұл жеңіс - екінші орында. Бірінші орында - Олимпиада медалі. Себебі, әлем чемпионаты екі жылда бір рет болады, ал Олимпиада төрт жылда бір рет өткізіледі", - деді Галышева.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

В Алматы встретили чемпионку мира по фристайлу Юлию Галышеву ⠀ Первая в истории Казахстана чемпионка мира по фристайлу Юлия Галышева вернулась домой, сообщает @Vestikzgram. ⠀ Правда, встреча лидера сборной Казахстана по фристайлу в аэропорту Алматы прошла скромно. ⠀ Триумфатора мирового первенства, прошедшего в Парк-Сити (Юта, США) в основном встречали родные и друзья. Сама Юлия устало улыбалась после дальнего перелета. Она ничуть не расстроилась тому, что ее встречали не с таким же размахом, как после "бронзы" на Олимпиаде-2018. ⠀ "Это работа всей команды. Мы рассчитывали на медали, но смогли добиться лучшего достижения. Я счастлива быть чемпионкой мира. Это не последняя победа, впереди новые соревнования и новые победы", - отметила Галышева. ⠀ Тренер Галышевой Елена Круглыхина также довольно буднично поделилась своими впечатлениями, заявив, что ее подопечная четко выполнила все указания. ⠀ "Я считаю, что практически те же соревнования, что и Олимпиада. Выступают те же спортсмены. Мы ехали именно за золотой медалью и смогли ее завоевать. Это большая радость для Юли, меня и нашей страны", - поделилась Круглыхина. ⠀ Напомним, что Галышева впервые в карьере стала чемпионкой мира в могуле. До этого казахстанка выигрывала "бронзу" ЧМ-2015 в Крайшберге и "серебро" ЧМ-2017 в Сьерра-Неваде. Обе медали Галышева завоевала в параллельном могуле. Также она является обладательницей бронзовой медали в могуле на Олимпиаде-2018 в Пхенчхане. ⠀ #sport #спорт #kazakhstan #казахстан #freestyle #фристайл #mogul #могул #kazteam #teamkz #kazteamfreestyle #coach #olympics #almaty #алматы #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

 Галышеваның бапкері Елена Круглыхина нәтижеге ризалығын білдірді. Оның айтуынша, Елена керек жоспарды орындады.

"Менің ойымша, бұл Олимпиада тәріздес жарыс. Сол спортшылар өнер көрсетеді. Біз алтын аламыз деп бардық және жеңіспен оралдық. Бұл Юлия үшін де, еліміз үшін де, үлкен қуаныш", - деді жаттықтырушы.

Галышеваның айтуынша, чемпионаттың квалификациясында ол жоғары нәтиже көрсете алмаған.

"Мен жарыс басында үштікке де ілінбедім. Барлығы жарыс жолын менен жақсырақ өтті. Ақтық кезеңде жоғалтатын ештеңе жоқ деп, тәуекелге бардым. Бар күш-жігерімді салып, соңына дейін шыдадым. Менімше бұл жолғы жолым басқалардан ерекше болған жоқ. Қазақстан чемпионатына ұқсас жарыс. Америкада болсын, елімізде болсын, ешқандай айырмашылық жоқ. Мен толықтай дайындалып, бар күшімді салдым", - деді Юлия Галышева.

Галышева алдағы уақытта әлем кубогында ең үздік үштіктің қатарында болғысы келетінін айтты.

"Мен бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерілгенмін, ендігі кезекте Қазақстанда да осыны қайталағым келеді. Бұл жолғы маусымды жеңіспен аяқтаймын деп ойлаймын. Мен кристал глобусын жеңіп алғым келеді. Егер де мен Жапонияда болатын екі жарыста жақсы нәтиже көрсетсем, мен ол кубокке ие болатыныма сенімдімін", - деді фристайылшы.

Еске салайық, Галышева могул тәртібі бойынша спорттық карьерасында бірінші мәрте әлем чемпионы атанды. Оған дейін, қазақстандық 2015 жылы Крайшбергте және 2017 жылы Сьерр-Невада өткен әлем чемпионатында қола медальға ие болды. Ол 2018 жылы Пхенчханда өткен қыстық Олимпиада ойындарында да қола жүлдегер атанған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама