Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстандық фристайлшы Рейхерд әлем кубогы кезеңінде күміс алды

Жарыс АҚШ-тың Дир-Вэллиде қаласында өтті.


Дмитрий Рейхерд. ©: zimbio.com
Дмитрий Рейхерд. ©: zimbio.com
Фристайлдан қазақстандық Дмитрий Рейхерд Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен әлем кубогында күміс медаль алды. Могул жаттығуында сынға түскен ол финалда, 83,66 ұпай жинады.

Алтынды канадалық Микаэль Кингсбери (88,80), қоланы австралиялық Мэтт Грехам (82,37) иеленді.



Рейхерд биылғы әлем кубогының кезеңінде төртінші медалін иеленді. Ол желтоқсанда Финляндия, Қытай және Канадада өткен кезеңде күміс алған. Қазір ол әлем кубогының жалпы есебінде Кингсбериден кейін екінші орында тұр.

Рейхерд - 2011 жылғы Азия ойындарының, 2017 жылғы қысқы универсиаданың чемпионы. Ол биыл Пхенчханда өтетін қысқы олимпиада ойындарына қатысады.

Фристайлдың могул жаттығуында спортшылар таудан ылдилай алдындағы бірнеше төмпешіктен өтіп, жол ортасындағы трамплиннен сальто жасайды. Төрешілер спортшының трамплиннен секіруін бағалайды және төрешілер ұпайына спортшының көрсеткен уақыты қосылып, ең үздік нәтиже көрсеткендері жеңіске жетеді.
  Пікір: 0
  0