auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Еркін күрес шеберлері әлемдік рейтингтің көшін бастады

Еркін күрес шеберлері әлемдік рейтингтің көшін бастады
Бүкіләлемдік күрес федерациясы әлемдегі ең үздік балуандарындың тізімін жариялаған болатын. Еліміздің  бірнеше еркін күрес майталмандары ең үздік балуандар қатарынан табылды.

57 келіде Риода ел намысын қорғаған Нұрислам Сана әлемдік рейтингтің 16 орнына жайғасқан екен. Бұл салмақтың үздігі Риода топ жарған Владимир Хинчегашвили болса, Рио Олимпиадасында тағы бір сенсация жасаған жапондық Рэй Хигути екінші орынға тұрақтаған. Ал Риодан Сананың алдын ораған Гаджи Алиев үшінші сатыға жайғасса, әлем чемпионы Хасан Рахими төртінші орынды місе тұтқан.

61 келіде әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Дәулет Ниязбеков әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін, бірден 6 орынға ығысқан. 61 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Логан Стибер көш бастап тұрса, әлем чемпионатының финалында сүрінген Бека Ломтадзе екінші орынға жайғасқан екен. Иван Ярыгин турнирінің жеңімпазы Ахмед Чакаев үшінші сатыда тұрса, әзірбайжандық Ахмеднаби Гварзатилов үздік төртікке тұрақтаған.

65 келіде белдесетін балуандарымыз әлемдік рейтингке енбей қалса да, Қытайдағы қандасымыз Ерланбек Кәтей 16 орыннан жай тапқан екен. Ал бұл салмақта Сослан Романов – бірінші, Тогрул Аскеров екінші орынды еншілеп тұр. Үздік үштікте әлем чемпионы Франк Чамизо, төртінші орында Ихтиор Навруз тұр.

70 келіде ел намысын қорғайтын Нұрлан Бекжанов алдына тек әлем чемпионы Магомед Курбаналиевті жіберіп, әлемдік рейтинте екінші орынға жайғасқан. Әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Мустафа Хусейнхан мен Еламан Догдурбекуулу үшінші, төртігші орынға тұрақтаған екен.

74 келіде Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне бір табан жетпей сүрінген Ғалымжан Өсербаев әлемдік рейтингте, Олимпиада чемпионы Джордан Барроузда артқа тастап, 6 орында тұр. Ал бұл салмақтың лидері Хасан Язданчаратидан кейін, Ануар Гедуев екінші орынға тұрақтаған. Рио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Джабрайл Гасанов пен Сонер Демиташ үздік үштіктен жай тапқан. Сонымен қатар, осы салмақтағы тағы бір өреніміз Жігер Закиров 16 орынға жайғасқан.

86 келіде белдесетін балуандарымыз әлемдік рейтингке енбесе, 97 келіде өнер көрсететін Мамед Ибрагимов, Анзор Балтукаев, Гаджимурат Гатцалов сынды сайыпқырандарды артқа тастап, үздік 10 балуанның қатарында енген. 97 келіде Рио Олимпиадасының чемпионы Кайл Снайдер көш бастаса, Хэтаг Газюмов екінші орынды місе тұтуға мәжбүр.  Үшінші, төртінші орынға Риода қола жұлдеге қол жеткізген Алберт Саритов пен өзбекстандық Магомед Ибрагимов қатар жайғасқан.

120 келіде күресетін Даулет Шабанбай әлемдік рейтингте 20 орында тұр. Таха Акгул, Комейл Газеми, Гено Петриашвили, Ибрагим Саидов сынды Рио Олимпиадасың үздіктері осы салмақтың көшін бастап тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
22 қыркүйек 2023, 09:12
Еркін күрес
© Жәмила Бақбергенова ӘЧ-де жүлде жеңіп алды
17 қыркүйек 2022, 13:33
Еркін күрес
©Olympic.kz Қазақ балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды

Жарнама

Жарнама