auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ақжүрек Таңатаров әлем чемпионатының қола жүлдесін ұтты

Ақжүрек Таңатаров әлем чемпионатының қола жүлдесін ұтты
Парижде күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Ақжүрек Таңатаров қола жүлдегер атанды. Жүлдегер атанып қана қоймай, әлемдегі тәжірибелі балуандардың бірі екенін тағы бір дәлелдеді.

Еркін күрестен 70 келіге дейінгі салмақта белдесетін балуан алғашқы кездесуінде үндістандық Амит Кумарды жеңді. Екінші белдесуінде Рио Олимпиадасында шу шығарып танылған моңғол балуаны Мандахнаран Ганзоригтен айласын асырды. Ширек финалда Ақжүрек италиялық Франк Чамизо Маркесті (чемпион атанды) жеңе алмады. Қарсыласы айқын жеңіске жетті. Кейіннен италиялық балуан финалға шығып, отандасымыз жұбаныш белдесу арқылы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды.

Жұбаныш белдесуде өзбек Ихтиор Наврузовты 8-5 есебімен жеңді. Естеріңізде болса мамыр айында өткен Азия чемпионатының финалында екеуі кездескен еді. Онда да отандасымыз жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанған болатын.

Қола жүлде үшін таласта Ақжүрек Таңатаров соңғы сәтке дейін күресе білді. Нәтижесінде түрік балуаны Юкуп Горды 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ақжүрек Таңатаров 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Былтыр Риодағы додаға қатысқан жоқ. Биыл отандасымыз жоғары жетістіктерге жетуде. Осыған дейін бір сөзінде Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, белгілі балуан Ислам Байрамуков Ақжүректің Токио Олимпиадасына қатысуына да зор мүмкіндігі бар екені жайлы айтқан болатын.



- Ақжүрек көз алдымызда өскен жігіт. Өзінің еңбегінің арқасында биік белестерді бағындырды. Қайтпас қайсар мінезі бар. Бір кездері бұл балуанның спорттағы мансабы аяқталғаны жайлы да айтылды. Бірде сұрағанымда ойланып жүргені туралы айтқан. Күрес осы күнге дейін менің түсіме  кіреді. Ойың болса жалғастыр дегенмін. Әйтпесе кеш болып қалуы мүмкін.

Бізде еркін күрестен Азия чемпионы атанған санаулы ғана балуандар бар. Токиодағы Олимпиадаға дейін төрт жыл бар. Ақжүректің зор мүмкіндігі бар. Төрт жыл – ұзақ та мерзім, бір шетінен зымырап өте шыққанын білмей де қаласың. Соған дайын болу керек. Ақжүректің тәжірибесі мол.

Қазіргі таңда күресте салмақ та ауысып жатыр. Келесі жылдан бастап басқа салмақ болады. Осы 70 келі Ақжүректің салмағы. Одан төмен түссе әлсіреп қалады. Тамыз айында Францияда өтетін әлем чемпионатына қатысады. Онда да жүлделі орыннан көрінеді деп ойлаймын, - деген еді Ислам Байрамуков.

Сондай-ақ бүгін 97 келіге дейінгі салмақта Мамед Ибрагимов та қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді. Өкінішке орай, отандасымыз әзірбайжан балуаны Асланбек Албаровқа жол беріп алды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
22 қыркүйек 2023, 09:12
Еркін күрес
© Жәмила Бақбергенова ӘЧ-де жүлде жеңіп алды
17 қыркүйек 2022, 13:33
Еркін күрес
©Olympic.kz Қазақ балуан ӘЧ жүлдесін жеңіп алды

Жарнама

Жарнама