Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Еркін күрестен әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Әлем чемпионаты тамыз айында Париж қаласында өтеді.


Тамыздың 21-26 аралығында Францияның бас шахары Париж қаласында еркін күрестен әлем чемпионаты өтеді. Кеше еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев әлемнің кіл мықты балуандары жиналатын дүбірлі додаға қатысатын қазақстандық балуандардың тізімін жариялады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Париж қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі толық анықталды. Францияға баратын балуанда жыл басынан бері көрсетіп келген нәтижесіне байланысты іріктелді. Ал 7-9 шілде күндері Варшава қаласында өткен "Циолковский" халықаралық турнирі балуандар үшін соңғы сынақ болды. Сол турнирдің қорытындысы бойынша біз келесідей балуандарды іріктеп алдық -  57 келіде Нұрислам Санаев, 60 келіде Ниязбеков Дәулет, 65 келіде Мейржан Аширов, 70 келіде Ақжүрек Таңатаров белдеседі. 

Өкінішке қарай, 74 келіде Жігер Закировтың (бұғана жарақатын алды) алған жарақатына байланысты оның орнына соңғы халықаралық жарыста үшінші орын алған Ғалымжан Өсербаев баратын болды. Азамат Даулетбеков 86 келіде ел намысын қорғаса, 97 келіде Мамед Ибрагимовты жоспарлап отырмыз. Ал 125 келіде Іңкәр Ермұхамбет өнер көрсетеді. 

Әлем чемпионатына келсек, мақсатымыз – әлем чемпионын шығару. Жоғарыда аталған балуандарымыз жарақаттан аман болса, әлем біріншілігінде ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін", - деді  еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері.


  Пікір: 0
  0