Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Ривалдо "Пари Сен-Жермен" шабуысшысы Неймардың клубтан кету туралы жақсылап ойлану керектігін айтты, - деп хабарлайды
La Gazzetta dello Sport.
"Неймар ПСЖ-дан кетпейтін болса, айтарлықтай ештеңе жеңе алмайды. Әсіресе Чемпиондар лигасы - ең маңызды клубтық турнир. Француздық чемпионат ағылшын не испан біріншілігіне қарағанда деңгейі төмен. Ол тарихы жоқ клуб үшін өнер көрсетіп жүр", - деді Ривалдо.
Неймар 2013-2017 жылдары аралығында "Барселона" сапында өнер көрсетті. Өткен жазда ол каталониялық клубан 222 миллион еуроға ПСЖ-ға кетті.
Соңғы кездері БАҚ Неймардың ПСЖ-дан кетуді жоспарлап жүргенін көптеп жазуда. Себебеі бразилиялық сұрмерген Франция чемпионатының деңгейіне көңілі толмайды екен. Наурыздың ортасында The Mirror басылымы әкесіне "Реалмен" келіссөздер бастауды сұраған.
Жарнама