Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBF титулдары үшін талас кезінде қазақстандық Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) төрешілер шешімімен Райан Барнеттен (18-0, 11 КО) жеңіліп қалды.
Белфаст қаласындағы SSE аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға шыққан боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Кездесу аяқталысымен төрешілердің шығарған шешімі мынадай болды: 118-110 119-109 және 116-112. Кездесудің видеосы да жарияланды. Айта кетейік, Жақияновты жеңген Барнет жекпе-жек соңынан денсаулығын тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. ZZ бапкері Рикки Хаттон Жақияновтың жеңілгенін мойындады, алайда ол төрешілердің осындай әділетсіз ұпай бергендеріне наразы болды.
Жарнама