Исламбек Қуаттың командасы екінші техникалық жеңілістен соң келесі ойынды шегеруді сұрады

Сурет "Орынбор" клубының сайтынан алынды
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат өнер көрсететін "Орынбор" командасына екінші техникалық жеңілістен кейін Ресей біріншілігіндегі келесі кездесуін кейінге шегеруді сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Еске салайық, бұған дейін команда ойыншыларынан коронавирустың шығуына байланысты "Краснодар" және "Урал" командаларына қарсы кездесуді өткізе алмады. Енді орынборлық ұжым 5 шілде күні Қазан қаласында "Рубинге" қарсы кездесуді кейінге шегеруді сұрап отыр. 

"Орынбор" футбол командасы "Рубин" ұжымына Ресей біріншілгіндегі келесі кездесуді қосалқы дата, яғни 19 шілдеге шегеру туралы хат жіберді. Енді қарсылас команданың жауабын алдағы уақытта жарияламыз", - деп жазды клуб. 






Жаңалықтар