Ресми: Александр Бородюк - Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды
ҚФФ ресми сайтынан
Алматылық "Қайрат" клубының бұрынғы жаттықтырушысы Александр Бородюк ресми түрде футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ресейлік маман Қазақстан Ұлттық құрамасын алдағы үш жыл бойы баптайды. Келісімшарт мерзімі осы уақытқа жоспарланған. Александр Бородюктің Ұлттық құрама тізгінінде жұмыс істеу тәжірибесі бар. Ол футболдан Ресей құрамасының бапкерлер қосынында болып, бірнеше жаттықтырушының көмекшісі болған.
Бұған дейін Бородюктің Ресейдің жастар құрамасы мен Беларусь Ұлттық құрамасын жаттықтыруы ықтимал деген мәлімет шыққан еді.
Еске салайық, 54 жастағы маман "Қайратты" 2016 жылғы маусымның басында жаттықтырған еді. Ол алматылық клубпен Қазақстанның Суперкобогын жеңіп алғанымен, маусым барысында көрсеткен нәтижесі көңіл көншітпеді. Сол себептен ресейлік маман өз еркімен қызметін босатты.
Осы уақытқа дейін Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінін Талғат Байсуфинов ұстап келген. Енді ол Қазақстан футбол Федерациясының Ұлттық құрамалар департаментінің техникалық директоры қызметін атқарады.

Жарнама