Дубайда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Астана" футбол клубы Қытайдың "Шаньдун Лунэн" командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Ойында
Юрий Логвиненко (26 минут),
Джордже Деспотович (67 минут) пен
Юрий Перцух (90 минут) гол соқты.
Елордалық команда 6 ақпан күні де қытайлық команданың бірі
"Ляонин Хувинмен" жолдастық кездесу өткізіп, 6:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Станимир Стойлов шәкірттері осымен оқу-жаттығу жиындары кезіндегі жолдастық кездесулерін аяқтады. 15 ақпан күні Астанада Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында Португалияның
"Спортинг" клубымен кездеседі.
Жарнама