Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Станимир Стойлов "Астанамен" келісімшартын ұзартады

"Астана" футбол клубы мен болгар маманы жаңа еңбек келісімшарты туралы мәмілеге келді.


"Астана" футбол клубы мен Станимир Стойлов жаңа еңбек келісімшарты туралы мәмілеге келді. Бұл туралы елордалық команданың ресми сайты хабарлады.

Алдағы жұма күні команда Станимир Стойловтың бастауымен Бірікке Араб Әмірлігіне аттанады. Онда УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 кезеңі аясында өтетін тарихи кездесуге дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

- Мен басынан бастап «Астана» командасымен жұмыс жасауды жалғастырғым келетінін жасырған емеспін. Біз соңғы жылдарда өте үлкен нәтижеге қол жеткізіп, жанкүйерлер тарапынан қызу қолдауға ие болдық. Шынын айтсам, Астана мен Қазақстан менің екінші Отаным сияқты болып кетті. Біз «Спортингке» қарсы кездесуде лайықты өнер көрсетіп, клубымыздың абыройын асқақтатамыз деген сенімдемін. Команда құрамындағы ойыншылар тезірек  спорттық бабына келіп, маусымға дайын болуы үшін бізді алда өте маңызды оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр, - деді Станимир Стойлов клубтың баспасөз қызметіне.

Айта кетейік, 50 жастағы болгар маманы Астана футбол клубының тізгіні 2014 жылы ұстаған еді. Командамен алғашқы маусымда-ақ ел чемпионы атанды. Одан бергі аралықта ел футболы тарихында айтулы жетістіктерді бағындырды. Сондай-ақ осы маусымда тұңғыш қазақстандық команда болып Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты.
  Пікір: 0
  0