auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде тағы үш орын төмен сырғыды

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде тағы үш орын төмен сырғыды
kff.kz
Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) ресми сайтында жаңарған рейтингін жариялады. Қазақстан құрамасы үш орын төмен сырғып, 136-орынға тұрақтаған.

Қазан айында жаңарған рейтингте Қазақстан құрамасы жеті орынға төмендеген еді. Бұл айда тағы үш орын төмен түсті. Қараша айында ешқандай ресми және жолдастық кездесу өткізген жоқ. Бас жаттықтырушы Александр Бородюктің шақыртуымен жиналып, екі рет жастар құрамасымен тәжірибелік ойын өткізді. Наурыз айында Өзбекстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны осыған дейін хабарланған болатын.

Жаңарған ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер көп емес. Германия құрамасы көш басында болса, екінші орында Бразилия келеді. Үштікті Португалия құрамасы түйіндеп тұр. Швейцария құрамасы алғашқы ондыққа оралған. Испания құрамасы екі орын жоғарылап, 6-орынға тұрақтапты. Есесіне Франция мен Польша құрамалары бір орыннан төмен жылжыған. Ал Перу құрамасы үздік ондықтан шығып қалды.

1 (1). Германия - 1602 ұпай,
2 (2). Бразилия - 1483,
3 (3). Португалия - 1358,
4 (4). Аргентина - 1348,
5 (5). Бельгия - 1333,
6 (8). Испания - 1231,
7 (6). Польша - 1209,
8 (11). Швейцария - 1190,
9 (8). Франция - 1183,
10 (9). Чили – 1173,

Жаңарған рейтингтегі ең төменгі нәтижені Лаос ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар бірден 22 саты төмендеп, 184-орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Корей Халық Демократиялық Республикасы құрамасы еншіледі. Олар 18 саты жоғарылап, 114-орынға табан тіреген.

Айта кетейік, ФИФА рейтингі 1993 жылдан бері түзіліп келеді. Сол арқылы ұлттық құрамалардың өсу деңгейін, көрсетіп келе жатқан нәтижелерін бағамдауға болады. Рейтинг тарихында көш тізгінін 7 ұлттық құрама ғана иеленген. Оның бесеуі Еуропадан болса, екеуі – Оңтүстік Америка құрлығынан. Олар: Германия, Италия, Франция, Испания, Нидерланды, Бразилия және Аргентина. 2006 жылы Германияда өткен әлем чемпионатынан кейін рейтинг ұпайын есептеу жүйесіне арнайы өзгертулер енгізілді. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама