2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан және Дания құрамалары арасындағы ойын Алматы қаласының Орталық стадионында өтуі мүмкін, деп хабарлайды
Vesti.kz тілшісі.
Аталмыш кездесу 10-шы маусым күніне жоспарланған. Алайда бұл уақытта Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі өтуіне байланысты, матч оңтүстік астанаға ауысуы мүмкін. Бірақ ойын Алматыда өту үшін УЕФА лицензиясын алуы қажет.
Айта кетейік, Александр Бородюк бастаған Қазақстан құрамасы екі ұпаймен С тобының соңында қалды. Ал қоржынында 7 ұпайы бар Дания құрамасы үшінші сатыға жайғасқан.
Жарнама