Тілеуіңіз болсын, күтіңіз...Email жазып көрсетіңізАтыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңізҚұпия сөз жазып көрсетіңізСайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажетПрофильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажетДұрыс email жазып көрсетіңізМәлімет таңдаулыға қосылдыТаңдаулыға қосуТаңдаулыдан алып тастауҚұпия сөздер сәйкес келмейдіСайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңізЖақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз.Даусыңызға рахмет!Қосу +1Алып тастау +1Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосуСлайдшоу қарау (пробел)ПаузаАртқаАлғаОрнынан көшіруЖабу (Esc)Толық көлеміне ашуСуретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Ел біріншілігінің үшінші тур кездесулерінен соң Қазақстан құрамасының футболшылары Талғардағы футбол базасында жиналды. Александр Бородюк баптайтын ұжым Кипрге қарсы кездесу алдында жаттығу жұмыстарын жасады. Жолдастық матч 22-ші наурыз күні Ларнак қаласында өтеді. Ал араға үш күн салып 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Ереван қаласында Армения құрамасымен күш сынасады.
БАҚ өкілдері жаттығу жұмысының алғашқы 15 минутына ғана қатысуына рұқсат етілді. Құрама сапындағы футболшылардың көңіл-күйдері әр түрлі болды. Мысалы, Георгий Жуков ешқайда алаңдамай тек қана жаттығу жасаса, Бауыржан Исламхан мен Асхат Тағыберген әріптестерімен қалжыңдасып, жаттығуды көңілді өткізді. Vesti.kz тілшісі сіздерді жаттығу алаңымен таныстырады.
Гафуржан Сүйімбаев жаңа алған бутсысымен мақтануда.
Қазақстан Суперкубогы үшін өткен ойында сөзге келіп қалған Юрий Логвиненко мен Исламбек Қуат Ұлттық құрама сапында әріптес әрі дос.
Дайындық сәті...
Георгий Жуков Талғардағы ауа-райының тосын сыйына риза емес.
Қорғаныстың тас қамалдары: Юрий Логвиненко және Сергей Малый
Футболшылар жаңа бапкердің жаңа тапсырмаларын тыңғылықты тыңдады.
Александр Бородюктің "қабағынан қар жауып тұр".
Тілшілер қауымы футболшылармен тілдесудің сәтін күтіп тұр.
Футболшылармен бірге қақпашылар жаттықтырушысы Юрий Новиков та дене қыздыртып, жүгіруді жөн көрді.
Бауыржан Исламхан әрқашан да көштің басында.
Юрий Новиков бапкерлер құрамына жаңадан қосылған Қайрат Нұрдаулетовке ақыл-кеңесін айту үстінде.
Асхат Тағыберген Ұлттық құрама сапына ерекше көңіл-күймен қосылды.
Жаңа бапкердің жаңа жаттығулары.
Георгий Жуков Талғардың шатақ ауа-райына үйреніскен секілді.