Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Ұлттық құрама сапында ойнауға лайық екенімізді дәлелдегіміз келеді - Дмитрий Шомко

Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасы Александр Бородюктің қол астындағы алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізді.


"Астана" ФК ресми сайтынан
"Астана" ФК ресми сайтынан
Бүгін Талғар қаласындағы футбол базасында Қазақстан Ұлттық құрамасы Александр Бородюктің қол астындағы алғашқы жаттығу жұмыстарын жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ұлттық құрама сапына шақырту алған футболшылар жаңа бапкерлер құрамымен таныс болып, алдағы Кипр және Армения құрамаларына қарсы өтетін кездесулер алдындағы дайындықтарын бір пысықтап алды.

Қазақстан құрамасына шақырту алған елордалық "Астана" клубының қорғаушысы Дмитрий Шомко Vesti.kz тілшісі жаңа бапкерлер жайында, жаттығу жұмыстары жөнінде айтып берді.

- Бірінші кезекте Ұлттық құрамаға шақырту алуға лайық екенімізді жанкүйерлерге, жалпы футболсүйер қауымға дәлелдегіміз келеді. Алдымызға қойылған мақсаттарды барынша орындауға тырысамыз. 

- Алдағы ойында негізгі құрамда шығамын деп ойлайсыз ба?

- Әрине, кез келген футболшы негізгі құрамда ойнағысы келеді. Ұлттық құраманың жейдесінде ойнағым келмейді деп айтатын ойыншы жоқ шығар. 

- Арменияға қарсы кездесуге қаншалықты дайынсыздар?

- Қарсыласымызды зерттеп, әлі дайындаламыз. Ойындарын зерттеп, мықты және осал тұстарын іздеп көреміз.

- Осыған дейін "Астана Аренаның" жасанды алаңында өнер көрсетіп, бейімделіп қалдыңыздар. Алдағы ойындарда табиғи шөпте доп тебу кедергі болмай ма?

- Ол жағын нақты айта алмаймын. Кез келген футболшы жасанды немесе табиғи алаңға бейімделу қажет. Синтетикада доп тебу бөлек, доптың қиыс кетуі секілді түрлі себептері бар. Қазір "Астана Аренаның" жасанды алаңын ауыстыру жұмыстары өткелі жатыр. Жаңа синтетиканың сапасы қандай болатыны белгісіз. Әрине, жасанды алаңға қарағанда табиғи шөпте ойнаған жақсы.
 
- Жаңа бапкер келгенде өзімен бірге көптеген жаңалықтарды қоса әкеледі...

- Бүгін жиналыс өтіп, бір-бірімізбен таныстық. Кешке өткен ойындарда жіберген қателіктерімізді қарап, зерттеп, жұмыс жасаймыз. 

- Іріктеу кезеңінде алты кездесуіміз бар. Жеңіске жетуге мүмкіндігіміз бар ма?

- Әрине, жеңіске жетуге болады. Арменияға қарсы кездесуде, өз алаңымызда өткізетін ойындарда үш ұпайды қанжығалауға тырысамыз. Бәріне уақыт сарапшы.

Айта кетейік, 27-жастағы қорғаушы "Астана" сапында ел чемпионатының ағымдағы маусымында 3 ойынға қатысты. Сонымен қатар, Алматыда өткен "Қайратқа" қарсы кездесуде негізгі құрамда өнер көрсетті.
  Пікір: 0
  0