auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Ақтөбе" клубы бұрынғы директорының ісі сотқа жетті

"Ақтөбе" клубы бұрынғы директорының ісі сотқа жетті
"Ақтөбе" футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильевтің ісі тергеліп болды, қылмыстық іс сотқа 13 наурыз күні кешкілік түсті деп хабарлайды azattyq.org порталы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тергеу "2016 жылғы наурыз бен қыркүйек айларының аралығында 240 миллион 840 мың теңгені қолды қылды" деп күдіктеніп отырған Дмитрий Васильев былтыр 8 қараша күні ұсталған болатын. Соттың мәліметінше, оған қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті бойынша айып тағылып отыр. "Ақтөбенің" директоры 2016 жылғы 11 қарашадан бері үйқамақта.

"Васильев ісі" бойынша "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ескендірбек Маханов та күдікке ілініп, былтыр қарашаның 28-і қамауға алынған еді. Тергеу Ескендірбек Махановқа қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті, 28-бабының 5-бөлімі, 362-бабы 4-бөлімінің 3-пункті бойынша айып таққан.

Сот Дмитрий Васильев пен Ескендірбек Махановтың үстінен қозғалған істі біріктіріп, бірге қарамақшы. Бірақ әзірше алғашқы сот отырысы өтетін күн белгіленген жоқ.

Васильев Қазақстанға Ресейден келген. Ол бұған дейін "Жетісу" командасында директоры қызметін, Қазақстан футбол федерациясында бас менеджер қызметін атқарған. Ал Ескендірбек Маханов "Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мекемесінің басшысы болып 2014 жылғы қараша айында тағайындалған болатын. Ол бұл қызметті 2016 жылдың 23 қарашасына дейін атқарды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 мамыр 2023, 15:29
Қазақстан
©ҚКФЛ ҚКФЛ-ге жаңа басшы келді

Жарнама

Жарнама