Зинедин Зидан "Ювентуске" ауысатыны жайлы қауесетке жауабын берді

Сурет: Sportbox

"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан "Ювентуске" оралатыны туралы қауесетке өз жауабын берді. Франциялық маман инсайдтарды растаған да жоқ, жоққа да шығармады. 

"Италия әрдайым менің жүрегімде, "Ювентус" мен үшін маңызды болып қала береді. Қайтадан Италияда көрісеміз бе? Білмеймін, ха-ха. Әзірге осындамын, ары қарай көреміз", - деп береді Зиданның сөзін Tuttomercatoweb.

48 жастағы бапкер 1996-2001 жылдары "Ювентус" сапында ойнап, сегіз титул иеленген.