Зидан "Реалдан" кету туралы сұраққа жауабын берді

Сурет: Football24.ru

"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан өзінің клубтан кететіні туралы қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат". 

Маман бильбаолық "Атлетиконы" (1:0) ұтқаннан кейін әлемде талықланып жатқан сұраққа жауап берді. 

"Кетіп бара жатқанымды ойыншыларға қалай айтатын едім? Біз титул үшін барымызды салып жатырмыз, сосын мен жай ғана "айтпақшы мен кетіп барамын" деп пе?

Клубқа қатысы жоқ адамдар ойына келгенін айта береді, бірақ, мен мұндайды ойыншыларыма ешқашан айтпас едім", - дейді Зидан.