Зидан ПСЖ-ны жаттықтыру туралы ұсынысқа жауабын берді

©instagram.com/zidane

"Пари Сен-Жермен" әйгілі Зинедин Зиданға командадан кеткен бас бапкер Кристоф Гальтьенің орнын басу туралы ұсыныс жасаған екен. Алайда Зидан бұл ұсыныстан бас тартыпты, деп хабарлайды Le Parisien.

Бұдан кейін ПСЖ "Баварияның" бұрынғы бапкері Юлиан Нагельсманмен келіссөз жүргізе бастапты. 

Сонымен қатар, ПСЖ Испания құрамасының экс бапкері Луис Энрике мен леверкузендік "Байер" жаттықтырушысы  Хаби Алонсоға да қызығушылық білдіріп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport