"Зениттің" бас бапкері Исламхан қайтып келетіні жайлы мәлімдеді

© "Зенит" ФК
Ресейлік "Зениттің" бас бапкері Сергей Семак клуб Баурыжан Исламханмен жазда келісмшарт жасауы мүмкін екенін айтты.

- "Зенит" Исламханды неге жаратпағанын айтпадыңыз. Бірінші жиынға қатысып, өзін жаман көрсеткен жоқ сияқты еді.
- Біз ол бізге жарамайды деп айтпадық. Бізде бұл позицияда бүгінде ойыншылар толық, Ригони де қайтып келді. 

БАӘ-де жақсы ұсыныс шықты, ол сонда кетті, жарты жылдық келісімшартқа қол қойды. Ойын тәжірибесін жинақтайды. Исламхан легионер саналмайтын болатындықтан, мүмкін, жазда біз бұл мәселеге ораламыз.