Зайнутдинов "Бешикташқа" қосылды. Футболшының табысы айтылды

©ЦСКА КФК

Мәскеулік ЦСКА мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов карьерасын түркиялық "Бешикташ" командасында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Sport24 ақпараты бойынша, Зайнутдинов ыстамбұлдық клубпен 2027 жылға дейін келісімшартқа отырған. Оның жылдық табысы 1,2 миллион еуро болады. Сонымен қоса, ол Түркия чемпионатында легионер есептелмейді екен. 

25 жастағы Зайнутдиновтың ЦСКА-мен арадағы келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген еді. Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы "Ростовтан" екі миллионға өткен болатын. Transfermarkt порталы Бахтиерді алты миллионға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport