Түркия президенті Роналдудың болашағына қатысты ойын айтты

26 желтоқсан 2022 14:13
©EPA

Түркия президенті Реджеп Эрдоған португалиялық футболшы Криштиану Роналдуға қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Егер Роналду секілді әлемдік деңгейдегі ойыншыны матч бітуіне жарты сағат қалғанда немесе небәрі 15 минутқа шығарса, онда сөзсіз футболшының көңіл-күйі түсіп кетеді. Жүйкесіне әсер етеді. Маған жеткен ақпарат бойынша Криштиану Сауд Арабиясы чемпионатына ауысады", - деп келтірді президентітң сөзін Goal.com.

Еске салайық, Роналду қараша айында "Манчестер Юнайтедтен" кетіп, еркін агент атанды. Ойыншының клубтан кетуіне бас бапкер Эрик тен Хагпен арасындағы қарым-қатынасы әсер еткен. Қазіргі таңда БАҚ өкілдері португалиялықтың Сауд Арабиясы чемпионатына ауысатыны жайлы жазуда.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport