"Тоттенхэм" Жозе Моуриньюдің орнын басатын үміткерлерді таңдап қойды

Сурет: EPA

"Тоттенхэм Хотсупр" португалиялық Жозе Моуринью бас бапкер қызметінен кеткен жағдайда орнын басатын үміткерлер тізімін жасады,- деп хабарлайды Sport.es.

Қысқа тізімге екі үміткер кірген - "Лестер Сити" бапкері Брендан Роджерс және "РБ Лейпцигті" жаттықтыратын Юлиан Нагельсман.

Еске салайық, Англия премьер-лигасының кейінгі бес матчінде "Тоттенхэм" төрт рет ұтылып, Англия кубогынан шығып қалды. 23 матчте 36 ұпай жинаған команда турнир кестесінде тоғызыншы келеді.