"Тосынсый болмады". Ян Вороговский Әзірбайжанмен матч алдында пікір білдірді

25 қыркүйек 2022 00:29
©ҚФФ

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский баспасөз мәслихатына қатысып, Әзірбайжанмен болатын матч туралы ойын ортаға салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Осында келгендердің бәрі турнирдегі мақсатымызға жеткенімізге қарамастан ертеңгі ойында бар күшін салатын болады. Ұлттық құраманың жейдесін кигендіктен ешқандай да босаңсу болмайды. Әзірбайжан - мықты команда, олармен өткізген алғашқы ойынымыз қиынға соқты, ертең де оңай болмайын деп тұр. Бірақ қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін барымызды саламыз. 

- Қазақстан құрамасы топтық кезеңде мерзімінен бұрын бірінші орынды иеленді. Бұл ертең команданың шабуылға көп көңіл бөлетінін білдіре ме? 

- Жігіттер ұйымдасқан түрде ойнайды. Ия, бізге ешқандай қысым болмайтыны рас. Бірақ соңына дейін күресіп, бас бапкердің осы ойынға арналған жоспарын орындауға тырысамыз. Әзірбайжанның оңай қарсылас емес екенін алғашқы матчта байқадық. 

- Әзірбайжан Словакияны ұтып, Қазақстанға көмектескендей болып еді, бірақ, сіздер Беларусьті жеңіп бірінші орынға табан тіредіңіздер...

- Әзірбайжанның Словакияны жеңуі мен үшін тосынсый болмады. Команда қазір бабында тұр. "Қарабақ" секілді клубтары еурокубокте өнер көрсетуде. Біз барлық қарсыласты құрметтейміз, басқалардың да бізге құрметпен қарағанын қалаймыз.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport