Тарихтағы бірінші футболшы. Роналду Еуроға іріктеу матчтінде рекорд орнатты

©aussiedlerbote.de

Португалия құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу мачтінде Лихтенштейнді ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Вадуц қаласында өткен матч 2:0 есебімен аяқталды. 46-минутта Криштиану Роналду есеп ашты, ал 11 минут өте Жоао Канселу тағы бір гол соқты. Осыдан кейін есеп өзгерген жоқ. 

Роналду бұл ойында тағы бір рекорд орнатты, ол 38 жасында құрама үшін он гол салған тарихтағы бірінші футолшы болып отыр. 

Португалиялықтар Еуропа чемпионатына жолдамаға бұдан бұрын-ақ ие болып отыр. Роберт Мартинес жаттықтыратын команда J тобында 27 ұпай жинаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport