Ронлдау Месидің жеңісін елемей отыр

20 желтоқсан 2022 10:32
©IMAGO/Fotoarena

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Аргентинамен 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен Лионель Мессиді құттықтамады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлемдік БАҚ өкілдері атап өткендей, белгілі спортшылар әлеуметтік желіде құттықтау постын жазып жатқанда Роналду мұны елемей отыр. 

Еске салайық, Аргентина финалдағы пенальти сериясында Франциядан басым түсті. 

Ал Роналду Португалиямен ширек финалға дейін жетіп, Мароккодан 0:1 есебімен ұтылып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport