Роналдудың күшімен! Португалия Еуро-2024 іріктеу матчінде жеңісті жұлып алды

© globallookpress.com

Португалия құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу матчінде Исландияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

J тобындағы кездесу Рейкьявик қаласында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші жалғыз голды 89-минутта Криштиану Роналду салды. 81-минуттан бастап Виллюм Тор Виллюмсон шеттеліп, алаң қожайындары азшылықта ойнағанын айта кетейік. 

J тобындағы командалар көрсеткіші: Португалия (12 ұпай), Словакия (10), Люксембург (7), Босния (3), Исландия (3), Лихтенштейн (0).

8 қыркүйекте Босния - Лихтенштейн, Люксембург - Исландия, Словакия - Португалия матчтері өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport