Роналду өзгеше рекорд орнатты

©twitter.com/Cristiano

"Әл-Насрдың" португалиялық шабулшысы Криштиану Роналду ресми матчтердегі баспен салған голдар саны бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы твиттер 433 хабарлап отыр. 

Футболшы Араб чемпиондары кубогінің тунистік "Монастирмен" матчте жаңа маусымдағы алғашқы голын салды. Ол қайтадан баспен соқты және бұл оның ресми матчтердегі 145-голы болып отыр. 

Роналду баспен 144 гол салған германиялық Герд Мюллерден асып түсті. Үшінші орында германиялық Карлос Сантильяна (125).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport