"Реал" Зиданға қатысты ресми мәлімдеме жасады

Сурет: vbetnews.com

"Реал" футбол клубы өзінің ресми сайтында бапкер Зинедин Зиданмен қош айтысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бапкердің шешімін сыйлайтын уақыт келді. Біз оның осынша жыл кәсіпқойлығы, ісіне берілгендігі мен құштарлығына, сонымен қоса, оның аты "Реалды" білдіретініне алғысымызды айтамыз.

Зидан - клубтың ең үлкен аңыздарының бірі және ол клубымыздың бапкері мен ойыншысы шеңберінен асқан адам. Ол "Реал" әрқашан оның үйі болып қалатынын біледі", - делінген хабарламада. 

48 жастағы Зидан команданы 2019 жылдан жаттықтырып келеді. Франциялық бапкермен клуб 2020 жылы Испания чемпионы атанды, ал өткен маусымда Чемпиондар лигасының жартылай финалына жетіп, Ла Лигада екінші болды.