"Реал" үшінші дивизиондағы командадан ұтылып Испания кубогынан шығып қалды

Сурет: cadenaser.com

Мадридтік "Реал" 1/16 финалда "Алькоянодан" ұтылып Испания кубогынан шығып қалды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Алькоедегі "Эль-Кольяно" стадионында өтіп, 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Хосе Сольбес (80-ші минут) және Хуанан (115) гол салды, ал мадридтіктерден Эдер Милитан (45) гол соқты.

Айта кету керек, 110-шы минуттан "Алькояно" азшылықта ойнады, алаңнан Рамон Лопес қуылған болатын.

Осылайша, "Алькояно" Испания кубогының 1/8 финалына өтті, ал "Реал" турнирден шығып қалды. "Алькояно" Испанияның үшінші дивизионында ойнайтынын айта кетейік.

"Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан Испания кубогындағы сәтсіздік үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.