"Реал" жұлдызы Қазақстан қатысатын турнирдің ешкімге керек емесін айтты

© Betassist

Мадидтік "Реалдың" хавбегі Тони Кроос УЕФА ұйымын Ұлттар лигасы үшін сынға алды, деп хабарлайды "Чемпионат". Германиялық футболшы Суперлига құруды жақтайды екен. 

Мұның алдында "Реал", "Барселона" және "Ювентус" бірнеше дивизионға бөлінген, қатысушылары тұрақты емес, 60-80 клуб кіретін Суперлига турнирін ұйымдастырмақ екені хабарланды. 

"Біз УЕФА пікірін ғана тыңдаймыз және тым жиі. Ешкімге керегі жоқ Ұлттар лигасын жасау УЕФА үшін неге қалыпты жағдай? Ешкім бұл ұйымға сұрақ қоймайды. Сондықтан басқа да ұсыныстарға құлақ асу керек, мәселен Еуропалық Суперлига жасау туралы. Бірақ бізді ешкім көзге де ілмейтін сияқты", - деп береді Кроостың сөзін AS.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында С тобында жеңіске жетіп, В тобына көтерілді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport