"Реал" аңызы Мессидің командасына барғысы келеді

©Twitter ПСЖ

Мадридтік "Реалдың" бұрынғы қорғаушысы Серхио Рамос аргентиналық Лионель Месси өнер көрсетіп жүрген "Интер Майамиге" қосылуды армандайды, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Мұның алдында екі футболшы да "Пари Сен-Жермен" командасында ойнаған. Кейін Рамос та ПСЖ-дан кеткен болатын. 

Егер "Интер Майами" сапына қосыла алмаса, Рамос Сауд Арабиясының бір клубына баруға тырысады.

Еске салайық, Рамос "Реалда" 2005 пен 2021 жылдар аралығы ойнады. Мадридтіктер сапында ол 22 трофей жеңіп алды, соның шініде, Испания чемпионатын бес рет және төрт мәрте Чемпиондар лигасын ұтты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport