Рамазан Оразов Бельгия чемпионатына ауысады

12 желтоқсан 2022 19:59
©ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Бельгияның "Льерс" командасына ауысады. Бұл туралы Aladop телеграм-арнасы хабарлады.

Оразов биылғы маусымда батыс қазақстандықтар сапында ҚПЛ-да 22 матч өткізді. Ұлттық құрамаға 2021 жылы шақырту алып, осы уақыт аралығында алаңға 12 рет шықты. Қаршығалармен бірге Ұлттар лигасының С дивизионында топ жарып, команданың негізгі ойыншысына айналды.

Еске салайық, Рамазан Оразов спорттық жолында "Қайрат", "Ақтөбе", Ресейдің "Чайка" және Латвияның "Даугавпилс" клубтарында доп тепті. Әзірге жартылай қорғаушы мен бельгиялық команда арасындағы келісімшарт нақты қанша уақытқа жасалғаны белгісіз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport