ПСВ Нидерланды Суперкубогін 13 рет иеленді

©Reuters

Футболдан Нидерланды Суперкубогінде ПСВ сырт алаңда "Аяксты" ұтты, деп хабарлайды, Vesti.kz тілшісі.

Амстердамдағы "Йохан Кройфф" аренасындағы матчта Эйндховен қаласының ойыншылары 3:5 есебімен жеңіске жетті. ПСВ сапында Гус Тиль (хет-трик), Коди Гакпо және Хави Симонс қақпашы Джей Гортердің саңылауын тапты. "Аякс" сапында Стивен Бергвейн, Антони және Мұхаммед Кудус ерекшеленді.

Осылайша, Руд ван Нистелрой жаттықтыратын ПСВ өз тарихында Суперкубокті 13 рет иеленіп отыр. Енді Нидерланды чемпионаты 5 тамызда жалауын желбіретеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: