ПСЖ Мбаппені сататын болды

©instagram.com/k.mbappe

ПСЖ шабуылшы Килиан Мбаппені трансферге шығарды, деп хабарлайды "Чемпионат" сайты The Telegraph журналисті Джейсон Бертке сілтеме жасап.

Бұған себеп футболшының клубпен келісімшартты ұзартудан бас тартуы болып отыр.

Париждік клуб пен Мбаппе арасындағы келісім құжатында оны 2025 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін опция бар, алайда Франция құрамасының ойыншысы ПСЖ сапында қалмақ емес. 

Клуб басшылығы футболшының келісімшартты ұзартпайтыны туралы хаттын алмай тұрып, бұл туралы журналистерден естігеніне шамданып отыр.

Еске салайық, Мбаппе ПСЖ сапына 2017/18 жылғы маусымда "Монакодан" ауысып келген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport