ПСЖ басшылығы Зиданмен кездеседі. Себебі белгілі

©Goal

Франция құрамасының экс-капитаны Зинедин Зидан жақын күндері париждік клубтың басшылығымен кездеседі. Бұл ақпаратты белгілі футбол журналисі Адриен Гренье хабарлады.

Журналисттің айтуынша, ПСЖ президенті Нассер Әл-Хелаифи франциялық бапкермен алдағы жоспарына қатысты пікір алмасып, Зиданды париждік команданың тізгінін ұстауға шақырмақ. Тіпті үш жылдық келісімшарт жасасып, жылына 25 миллион еуро айлық төлеуге дайын екендігін айтады.

Еске салайық, Зинедин Зидан "Реал" командасын жаттықтырып, Чемпиондар Лигасын қатарынан үш рет жеңді. Ойыншы ретінде 1998 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, 2000 жылы Еуропа чемпионатында алтын жүлдені иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport