"Ордабасы" еурокубоктың алғашқы матчінде жеңісті уысынан шығарып алды

©

"Ордабасы" футбол клубы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі бірінші ойында қарсыласымен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

27 шілдеде қазақстандық клуб еурокубоктың жаңа маусымын Варшаваның (Польша) "Легия" командасымен кездесуден бастады. Шымкентте өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.

"Ордабасы" 13-минутта Всеволод Садовскийдің голының арқасында алға шықты. 48-минутта Мамаду Мбодж есепті еселеді.

Алайда қарсылас команда 63 және 86-минутта екі гол соғып, есепті теңестіріп кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport