Нұралы Әліптің командасы Еуропа Лигасында ұтылды

©fc-zenit

Футболдан Еуропа Лигасының 1/16 финалында "Бетисті" қабылдаған "Зенит" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойынның 8-минутында Гвидо Родригес есеп ашса, араға 10 минут салып қонақтар 0:2 есебін тіркеді. Гол авторы Жозе Виллиан. Биылғы маусымда ресми матч өткізбеген ресейлік клуб қатарынан екі рет қарсылас қақпашысының саңылауын таба алды. 25-минутта Артем Дзюда есеп айырмасын қысқартса, 3-минуттан кейін Малком таразы басын теңестіре алды. Дейтұрғанмен үзіліске дейін испаниялықтар Андреас Гудрадо бірінші таймның аяқталуына 4 минут қалғанда командасының үшінші голын салды. Енді қос ұжым арасындағы қарымта кездесу ақпан айының 24 жұлдызы өтеді.

Еске салайық, жуырда "Зенит" сапына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ауысқан еді. "Қайраттың" бұрынғы қорғаушысы 28-ші нөмірмен ойнайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport