Нұрәлі Әліптің кореялық командамен матчтегі финті жанкүйерлер назарын аударды

©"Зенит" ФК

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп "Зенит" пен "Чонбук Хендэ Моторс" командалары арасындағы ойында ерекше қимылымен жанкүйерлер назарын аударды. 

Әбу-Дабиде өткен оқу-жаттығу жиыны кезіндегі ойында "Зенит" қарсылас команданы 5:1 есебімен ұтты. Бірінші тайм аяқталуына 10 минуттай уақыт қалғанда Нұрәлі "Чонбук Хендэ Моторс" командасы ойыншысын бір қимылымен қапы қалдырды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport