Моуриньюдің аты тарихқа жазылды

©Eurosport

Португалиялық бапкер Жозе Моуринью жаттықтыратын "Рома" Конференция лигасы жартылай финалында "Лестерді" ұтып, екі матч қортындысы бойынша италиялық команда финалға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Осының арқасында португалиялық маман командасын Чемпиондар лигасы ("Порту", "Интер"), Еуропа лигасы ("Манчестер Юнайтед") және Конференция лигасы финалына шығарған бірінші бапкер болып отыр. 

"Чемпионат" порталының мәліметінше, Моуринью әр командасымен трофей иеленген. Сонымен қоса, 2003 жылы ол "Портумен" бірге УЕФА кубогін де жеңіп алған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport