Мессидің дублі 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеуде Аргентинаға жеңіс сыйлады

©instagram.com/leomessi

Футболдан Аргентина құрамасы 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеу турнирінің төртінші турында Перуді ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лимада өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды, аргентиналықтардан Лионель Месси 32 және 42-минутта дубль жасады. 

Осы жеңіс арқасында Аргентина 12 ұпай жинап, Оңтүстік Америкадағы іріктеу кестесінде көшбасшылықты сақтап қалды. Одан кейін тізімде Уругвай (7), Бразилия (7), Венесуэла (7), Колумбия (6), Эквадор (4), Парагвай (4), Чили (4), Перу (1) және Боливия (0).

Аргентина келесі ойынды 17 қазан Уругвайға қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport