Месси Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты

19 қыркүйек 2022 16:43
©ПСЖ

ПСЖ командасының шабуылшысы Лионель Месси Франция чемпионатының сегізінші турында "Лион" (1:0) қақпасына жеңісті гол соқты. Бұл оның пенальтиді есептемегенде карьерасындағы 672 голы болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осылайша, 35 жастағы аргентиналық "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдудан озды. 37 жастағы португалиялық шабуылшының еншісінде пенальтиден соғылған голды есептемегенде 671 доп бар. 

Бірақ дәл осы көрсеткішке қол жеткізу үшін Месси Роналдуға қарағанда 150 ойын кем өткізген. 

Айта кетейік, биыл Лионель Месси ПСЖ сапында он ойнап, бес гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ал Роналду болса "МЮ" сапында сегіз ойынға қатысып, бір гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport